377.33 425.55 5.92
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Павлодар облысында иесіз ит пен мысықтар ауланып жатыр

  • 135
Павлодар облысында иесіз ит пен мысықтар ауланып жатыр

Қаңғыбас иттерді аулауға биыл Павлодар облысында 23 миллион теңгеден астам қаржы бөлінді.

Үш ай ішінде қалалық ветеринарлық станция мамандары 900 ит пен 190 мысықты ұстаған. Мамандар өңірде иесіз саққұлақтардың саны бір деңгейде қалып отырғанын айтады. Жыл сайын 3 мыңдай ит, 800-ге тарта мысықтың көзі жойылады. Ал полиция департаменті биыл итке қатысты бір ғана оқиғаның тіркелгенін айтады. Онда саққұлақ өз иесін қауып алған. Тәртіп сақшылары үй жануарларын ұстау тәртібін тұрақты түрде қадағап келеді. Қандай да бір заң бұзушылық тіркелсе ит асыраушылар әкімшілік жауапқа тартылады. Жыл басынан бері 1230 әкімшілік хаттама толтырылыпты. Облыс орталығында үй жануарларын серуендетуге арналған бірнеше арнайы орын бар. Ағымдағы жылы қосымша бес мамандандырылған вольер салу жоспарланған.

Серікбай Құрымбаев, қалалық ветеринарлық станция директоры:

– Адамға шабатын иттер – ол үйде тұрған иттер. Не болмаса шешіліп кеткен. Көктемде иесіз иттер көбейеді.

Жанна Белялова, облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі:

– Тек облыс орталығында 400-ге тарта ит асыраушы әкімшілік жауапқа тартылды. Жергілікті атқарушы билікпен белгіленген иттерді қыдыртатын арнайы орындар бар. Көп жағдайда тәртіпті бұзғандарға ескертулер жасалады. Әзірге алты адамға жүз мың теңге шамасында айыппұл салынды.

Хабар 24 телеарнасы