379.54 427.25 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында Каспий теңізіне қатысты заң жобасы талқылануда

  • 89
  • UPD: 15:25, 03.04.2019

Елордада Парламент Мәжілісінің жалпы отырысы өтіп жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бүгін Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында депутаттар «Каспий теңізінде тосын оқиғаларды болғызбау туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасын мақұлдады. Маңызды құжат теңіздегі Каспий маңы мемлекеттері әскери кемелерінің жүзуі мен әуе кемелерінің ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған. Келісім ережелеріне сәйкес, әр тараптың әскери және әуе кемелері бір-біріне жақындаған сәтте қауіпсіз арақашықтықты ұстап, барынша сақ болуға міндеттеледі. Ал ақпарат алмасу кезінде арнайы радиобайланыс пайдаланылуы тиіс. Бұл шекаралас елдердің өзара достық қарым-қатынасты арттыра түсуіне мүмкіндік береді. Сонымен қатар халық қалаулылары «Қазақстан мен Ресей арасындағы әскери-техникалық ынтымақтастық туралы шарт шеңберінде берілетін әскери мақсаттағы өнімнің болуын және нысаналы пайдаланылуын бақылауды жүзеге асыру тәртібі туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасын талқылап, мақұлдады.

Хабар 24 телеарнасы