379.41 429.60 5.91
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Көкшетауда су басқан елді мекендердегі тұрғындар үйлеріне оралуда

  • 75
  • UPD: 12:38, 03.04.2019
Көкшетауда су басқан елді мекендердегі тұрғындар үйлеріне оралуда

Көкшетаудың су басқан аймағындағы тұрғындар біртіндеп үйлеріне орала бастады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл жөнінде төтенше жағдайлар комитетінің өкілдері мәлімдеді. Арнайы баспасөз мәслихатында қызыл су қаладағы 6 үй мен 11 аулаға кіргені айтылды. Қазір барлық қажетті шаралар қолға алынып, қауіптің беті сейілген. Әсіресе, аяқасты тасыған Қылшақты өзенінің арнасы бекітіліп жатыр. Ал Солтүстік Қазақстан облысында су басу қаупі төнген бір ауылды эвакуациялауға тура келді. Қаратал елді мекеніндегі 180 адам көрші ауылға көшірілді. Сонымен қатар табиғи апат қаупі Павлодар облысында да сақталып отыр. Осыған орай бұл аймақтарға Нұр-Сұлтан, Шымкент және Тараз қалаларынан құтқарушылар мен арнайы техника көмекке жіберілді.

Хабар 24 телеарнасы