389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтөбеде 287 отбасы баспаналы болды

  • 217
  • UPD: 13:44, 03.04.2019
Ақтөбеде 287 отбасы баспаналы болды

Жекеменшік құрылыс компаниялары жаңадан салынған көп қабатты үйлердің тең жартысын «7-20-25» бағдарламасы арқылы жүзеге асыруға әзір.

Ақтөбелік шенеуніктер осындай келісімге қол жеткізді. Сәйкесінше тұтынушылардың таңдау мүмкіндігі артқан. Бұл бағдарлама басталғалы 287 отбасы жеңілдетілген несиеге қол жеткізді. Баспаналардың жалпы құны 2 жарым миллард теңгеден асып жығылады. Халық арасында облыс орталығында жаңадан бой көтерген «Нұр Ақтөбе», «Батыс-2» аудандарында орналасқан үйлерден екі және үш бөлмелі пәтерлер сұранысқа ие. Биыл Ақтөбе облысында бастапқы жарнаны субсидиялауға 2 миллиард теңге бөлу жоспарланған. Сәйкесінше бұл тұрғындарға қосымша көмек болмақ. Өңірде құрылыс қарқыны да жоғары. Мәселен, өткен жылы «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында 1 мың 209 пәтер қолданысқа берілсе, биыл 1 мың 656 пәтердің іргетасы қаланады.

Асылбек Әлімбаев, қалалық құрылыс бөлімінің жетекшісі:

– 2018 жылдың аяғында 7 тоғызқабатты үйдің құрылысын бастаған болатынбыз. Қаражат толығымен бөлінген жағдайда осы жылдың аяғына дейін тапсыру жоспарда бар. Оларда абаттандыру жұмыстары жүргізіліп жатыр, инженерлік желілермен толығымен қамтылған.

Хабар 24 телеарнасы