379.54 427.25 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елорда оқушылары Абу-Дабиде өткен жарыстан жүлделі оралды

  • 116
  • UPD: 15:39, 03.04.2019
Елорда оқушылары Абу-Дабиде өткен жарыстан жүлделі оралды

Біріккен Араб Әмірлігінен балалар «қола» және «күміс» алып келді.

Қазақстандық спортшылар әлем елдері атлеттерінің арасында спорттың 24 түрі бойынша Бүкіләлемдік жазғы арнайы Олимпиадалық ойындар өткен Абу-Дабиден оралды, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты.

Турнирде 190 елдің спортсмендері бақ сынасты. Жарысқа Нұр-Сұлтаннан №1 арнайы мектеп-интернатының тәрбиеленушілері Ерқанат Бахытжанов пен Кристина Филиппова қатысып, үлкен теннис бойынша «күміс» және «қола» медальді еншіледі.

Турнирге дайындық бір жыл шамасында жүрді.

«Балалар еліміздің көк байрағын желбіретіп, жүлдемен оралды. Бұл біз үшін үлкен қуаныш. Сіздерді алдағы уақытта да биік шыңдардан көретінімізге сенемін. Осы жарысқа балаларды қысқа мерзімде дайындап, барынша қолдау көрсеткен мектеп ұжымына зор алғыс білдіремін», – деді құттықтау сөзінде Нұр-Сұлтан қаласы білім басқармасының жетекшісі Әнуар Жанғозин.

Хабар 24 телеарнасы