379.41 429.60 5.91
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстанда аутизм диагнозы қойылған 35 мыңға жуық бала бар

  • 125
  • UPD: 16:29, 03.04.2019
Қазақстанда аутизм диагнозы қойылған 35 мыңға жуық бала бар neocortex-dv.ru

Сәуірдің 3-інен бастап айдың соңына дейін инклюзивті қоғам қалыптастыруға және арнайы білім беру қажеттіліктері бар балаларға тең мүмкіндіктер жасау үшін ашылған инклюзияны қолдау кабинеттерінде сынып сағаттары өтеді.

Бұл қайырымды іске мұрындық болған - «Болашақ» корпоративтік қоры, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Сырбай Мəуленов атындағы №37 орта мектепте өткен сынып сағатына Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының өкілі Олег Честнов, «Nur Otan» партиясы Орталық аппараты басшысының орынбасары Ерсайын Оспанов, балалар құқықтарын қорғау жөніндегі Республикалық кеңестің төраға орынбасары Динара Закиева, Нұр-Сұлтан қалалық мәслихатының депутаты Қарақат Әбден және басқа да мүдделі тұлғалар қатысты.

Естеріңізге сала кетейік, биыл аталған мектепте «Болашақ» Корпоративтік қоры инклюзияны қолдау кабинетін (ИҚК) ашқан болатын. Осы кабинетте 7 жастан 10 жасқа дейінгі ерекше оқу қажеттіліктері бар кемінде 10 (Даун синдромы, балалар церебральды бедеулік) бала қажетті көмекпен қамтамасыздандырылған. Әрбір оқушыға жоба кураторы арнайы жеке даму бағдарламасын құрастырады, ал мұғалім және тьютор мектептің оқу бағдарламасын дамытуға, баланың мұғалімдері мен сыныптастары арасында өзара әрекеттесуіне көмектеседі.

Іс-шара барысында қонақтар инклюзивті кабинеттің жұмыс әдістерімен танысты. Олар сабаққа қатысу барысында ЕОҚ бар балалардың тьюторлармен, құрдастарымен қарым-қатынасын көре алды. Аталған қонақтар педагогикалық ұжыммен және ерекше оқу қажеттіліктері бар балалардың ата-аналарымен кездесті.

«Бұл мәселеге билік пен қоғам біртіндеп көңіл бөлетініне қуаныштымын. Қазақстанның осы жолда өзекті мәселелерді шеше отырып, үлкен нақты қадамдар жасап жатқаны қуантады. Аутизм диагнозы бар балалар мүгедектігі жоқ, тек ерекше назарды қажет ететінін сіздер түсінесіздер. Біз бұл балалардың өнерлі де, дарынды екенін өзіміз-ақ көріп отырмыз», - деді ДДҰ-ның Қазақстандағы тұрақты өкілі Олег Честнов.

Мектеп - әр адам үшін өмірдің маңызды кезеңі. «Ерекше» балалардың ата-анасы үшін баласының қоғамға бейімделуі - өте маңызды. ДДҰ статистикасы бойынша, Қазақстанда аутизм диагнозы қойылған 35 мыңға жуық бала бар және олардың саны жыл сайын артып келеді. Осындай диагноз қойылған балалардың көпшілігі үйде оқып жатқаны олардың әлеуметтік ортаға қалыптасуына жол бермейді. 2019 жылы «Болашақ» Корпоративтік қоры «Nur Otan» партиясының «Кедергісіз келешек» жобасының бірінші ағымының аясында Қазақстан бойынша 20 инклюзияны қолдау кабинетін ашуды жоспарлап отыр. Қазіргі таңда Қазақстанда 20-дан астам ИҚК жұмыс істейді және онда 250 бала оқиды.

Айта кетейік, 3 сәуірден 30 сәуірге дейін Қазақстанның 8 қаласында ашық ИҚК бар мектептерде аутизм туралы ақпараттарды таратуға арналған ашық сабақтар өтеді. 9 сәуірден бастап 30 сәуірге дейін «Nur Otan» партиясы ерекше қажеттіліктері бар азаматтарды инклюзивті балабақшаларға, мектептерге, ТИПО ұйымдарына және Қазақстанның барлық жоғары оқу орындарына толығымен енгізуге арналған жағдайлардың сапасын жақсарту мақсатында мониторинг жүргізуді жоспарлап отыр.

Хабар 24 телеарнасы