389,53 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


БҚО-да су тасқынының қаупі сейіліп келеді

  • 474
  • UPD: 17:32, 03.04.2019
БҚО-да су тасқынының қаупі сейіліп келеді

Батыс Қазақстан облысында тасқын қаупі сейіліп келеді.

Әзірге су деңгейі он шақты елді-мекеннің дәл іргесінен ағатын Деркөл өзенінде ғана көтеріліп тұр. Дегенмен, жағдай толық бақылауда. Тасқала мен Бәйтерек аудандары және қала іргесіндегі арнайы полигон аумақтарында қар әлі ери қойған жоқ. Синоптиктердің сөзіне қарағанда сәуір айында ауа температурасы 23 градусқа дейін жылынбақ. Өзендерде де қалың мұздың көбесі сөгілді. Қазіргі таңда аймақта тасқынға қатысты жағдай тұрақты,- дейді мамандар.     

Нұржан Шияп, «Қазгидромет» РМК БҚО филиалының директоры:

- Ресей Федерациясының Саратов облысына барып қайттық. Саратоп гидрометеорлогиялық болжамы бойынша қауіпті деңгейге Сарыөзен мен Қарөзен бойынша  қауіпті деңгейге жетпейді су. Ауа райының жылынуына байланысты енді ылғалдылық көп болады. Бірақ сонда әлі қауіпті деңгейге жеткен жоқ.

Нұралы Мүсиев, облыстық ТЖД бас маманы :

- Облысымызда су тасқынына қарсы қатысты шаралар аяқталуда. Қар шығару, су өткізу құбырларын тазалау, мұз кесу, мұзда ойық ою жұмыстары толық аяқталды. Жүріп жатқан шаралардың бірі бұл еріген қар суын шығару. Шығарылған қар суының көлемі 64 мың куб метр.

Хабар 24 телеарнасы