379.54 427.25 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақмола облысында тағы бір электр станциясы салынып жатыр

  • 121
  • UPD: 20:30, 03.04.2019

Ақмола облысында тағы бір жел электр станциясы салынып жатыр. Аймақтағы үшінші станция Көкшетау қаласының іргесіндегі Красный Яр елді мекенінен бой көтерді.

Мұнда бағаналы 5 генератор қойылған. Олардың әрқайсысы 750 квт энергия өндіреді. Жобаның жалпы құны 2 млрд теңгеге жуықтайды. Ал құрылыс өткен күзде басталған. Жақында трансформаторлар қойылып, мамандар нысанды іске қосуға дайындайды. Айта кету керек, аталған жоба «ЭКСПО-2017» көрмесінен кейін қолға алынды. Естеріңізде болса, Елбасы елімізде баламалы қуат көздерінің үлесін 2050 жылға қарай 50 процентке жеткізуді тапсырған болатын.

Андрей Подгурский, қалалық кәсіпкерлік бөлімінің жетекшісі:

- Бұл станциядан шығатын электр энергиясының жалпы көлемі 3,75 мВт болады. Ол жергілікті энергокомпанияның желісіне құйылып, маңайдағы елдімекендерді жарықпен қамтамасыз етуге жұмсалады. Ал нысанның өзі мамыр немесе маусым айында іске қосылады.

Хабар 24 телеарнасы