384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


СҚО-да Қаратал және Құлыкөл елді мекендерінде тасқын қаупі сейіле бастады

  • 497
  • UPD: 18:25, 03.04.2019
СҚО-да Қаратал және Құлыкөл елді мекендерінде тасқын қаупі сейіле бастады

Солтүстік Қазақстан облысының Қаратал және Құлыкөл елді мекендерінде тасқын қауіпі сейіле бастады.

Ауылды төңіректеген су бүгінгі күні 30 сантиметрге дейін төмендеген. Мамандардың айтуынша өткен тәулікте Ақмола облысындағы Сілеті су қоймасынан 23 миллион текше метр су жіберілген. Бұл алдыңғы күндердегі мөлшермен салыстырғанда, біршама төмен. Дегенмен, арнайы құрылған жедел штаб жағдайды күні-түні бақылауда ұстап отыр.

Медет Оспанов, Уәлиханов ауданының әкімі:

- Облыстық, республикалық тараптан техникаларды уақытылы келуінің арқасында Құлыкөл ауылы мен Қаратал ауылының сырттарындағы бөгеттер күшейтілді. Соның арқасында екі ауылға да су кірген жоқ. Бүгінгі күні адам және үйлердің апатты жағдай болған жоқ. Бәрі тұрақты деңгейде. Судың негізгі үлкен  көлемде келу жолы, бағыттары түзеліп, су айналып өтті ауылдарды. Ауылдың ішіне су кіргізілген жоқ.

Хабар 24 телеарнасы