377.33 425.55 5.92
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Экологиялық ұйымдар Жайықтағы балықтың жаппай қырылуын талқыға салды

  • 120
  • UPD: 20:29, 03.04.2019

Өткен қыстың басында Жайық өзенінде 123 тоннадан астам балық қырылып қалды. Алайда оның себебі су маржандарының қандай кеселге ұшырағаны белгісіз.

Жұрт сан-саққа жүгірткенмен бұл мәселе әлі күнге шешімін тапқан жоқ. Осыған орай Атырауда Қазақстанның экологиялық ұйымдары бас қосып, осы жайтты талқыға салды.

Соңғы кезде БАҚ пен әлеуметтік желілерде Жайықтағы жағдай туралы алып-қашты әңгіме етек алып барады. Ғасырлар бойы облыс тұрғындарының асыраушысы болып келген Ақ Жайықтың ахуалы жұртшылықты алаңдатып отырғаны да анық. Осыған орай қауымдастық қолда бар деректерді сараптап, мамандардың талқысына ұсынды.

Елдос Абақанов, Қазақстан экологиялық ұйымдары қауымдастығы басқарма төрағасының орынбасары:

- Атырау қаласындағы барлық зиянды сулар шығатын құбырларды автоматтандырылған түрде мониторинг жасау керек. Онан бөлек енді біздің ойымызша бұл табиғаттың өзінің берген берген сабағы, сол себептен мұнан әрі осындай жағдай болмауы үшін жаңа қабылданып жатқан экологиялық кодекс аясында нормативтердің талабын күшейту.

Қазір Жайық өзенінде жағдай қалыпқа түсіп келеді. Облыстағы 15 өндірістік кооператив көктемгі балық аулау маусымын уақтылы бастады. Балықтың жүрісі де жаман емес. Күні бүгінге дейін Жайық, Қиғаш өзендерінен 435 тонна қара балық ауланды,- дейді мамандар.

Артур Сәдібекұлы, облыстық балық шаруашылығы басқармасының басшысы:

- Мұның енді ойлаймыз бір себебі, қазіргі таңда өздеріңізге мәлім Жайық және Қиғаш өзендерінде түп тереңдету жұмыстары басталды. сонымен қоса облыстық әкімдік пен орман шаруашылығы және жануарлар дүниесін қорғау инспекциясы брокноньерлікке қарсы күрес жұмысы күшейді.

Осы шара аясында Қазақстан экологиялық ұйымдар қауымдастығы мен Атырау облыстық әкімдігі өзара ынтымақтастық меморандумына қол қойды. Ол өңірдегі экологияға қатысты күрделі мәселелерді шешуге оң ықпал етеді деп күтілуде. Шара барысында ғалымдардың да, сала мамандарының да ойлары ортаға салынады. Сол пікірлер қорытылып, өңірде қоршаған ортаны қорғауға арналған кешенді бағдарлама жасалмақ.

Авторлары: Арыстанбек Кенже, Амантай Мәтенов

Хабар 24 телеарнасы