379.54 427.25 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордада тау-кен геологиялық форумы өтіп жатыр

  • 102
  • UPD: 23:56, 03.04.2019
Елордада тау-кен геологиялық форумы өтіп жатыр

Елде ашылып жатқан кен орындарының шамамен 60 проценті юниорлық компаниялардың үлесінде.

Бұл туралы «Майнекс Қазақстан» оныншы тау-кен геологиялық форумында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің орынбасары Тимур Тоқтабаев хабарлады. Оның айтуынша, елдегі геологиялық барлау саласына қан жүгірту үшін юниорлық компанияларды көбейту қажет. Бүгінде осы бағытта Астана халықаралық қаржы орталығы да белсенді жұмыс жасап жатыр.

Айта кетейік, шара 2 күнге жалғасады. Ертеңгі пленарлық және техникалық сессияларда геологиялық компаниялардың өзара байланысы, Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы салалық ынтымақтастық және цифрлық технологиялар арқылы өнімділікті арттыру амалдары талқыланады. Форум аясында өтетін шағын көрмеде 20-дан астам компания өз технологиясын көпшілік назарына ұсынды.

Жасхан Баиров, тау-кен инженері:

- Бәсекелестік негізі әлем бойынша өте жоғары. Және осы көрмеде басқа да компаниялар тұр. Бірақ алайда біздің компанияның ерекшелігі жастарды, студенттерді дайындауға арналған. Келешекте біз тегін кластар ашып, дайындап жатырмыз. Жоғары білікті маман болып шығады.

Николай Еншин, тау-кен инженері:

- Қазақстанда геологиялық барлау өкінішке қарай, кенжелеп барады. Сондықтан аталған саланы жаңғырту үшін юниорлық компаниялардың көбеюіне мүмкіндік жасау қажет. Олардың негізгі мақсаты да сол, бәсекелестік арқылы саланы дамыту.

Хабар 24 телеарнасы