380.89 423.60 5.90
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Тараздық студенттер «пара алды» деп айыптаған мұғалімдер қалай жазаланады

  • 268
  • UPD: 15:22, 04.04.2019
Тараздық студенттер «пара алды» деп айыптаған мұғалімдер қалай жазаланады

Тараздағы жоғары оқу орындарының мұғалімдері пара алды деген күдік болса, университет басшылықтары олармен еңбек шартын бұзуға дайын, деп хабарлайды «Хабар 24».

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің қызметкерлері Тараз мемлекеттік педагогикалық университетінің оқытушыларымен жиналыс өткізіп, студенттер арасында жүргізген сауалнаманың қорытындысын талқылады.

Естеріңізге сала кетейін, жемқорлықпен күресуші орган «Сенім жәшігі» акциясын өткізіп, парақор мұғалімдерді әшкерелеу үшін тәлімгерлерден сұрақ-жауап алды. Жетпіс студент күдікті ретінде кейбір ұстазының есім сойын көрсетіпті. Жазықты ше?

Ержан Әмірбекұлы, Тараз мемлекеттік педагогикалық университетінің ректоры:

- Студенттердің анкета алу нәтижесінде анықталған заңбұзушылықтар анықталған болса, нақты азаматтардың аты-жөндері көрсетілсе, олармен тікелей жұмыс жасаймыз. Студенттерден қайтадан анкета алуымыз мүмкін. Әріптестерімізден сұрау жүргізуіміз мүмкін. Егер сол оқушылардың, қызметкерлердің тарапынан адалдық тәртібі бұзылғандығы анықталса, біз бір сәтке де күмән келтірмей, олармен еңбек шартын бұзу туралы шешім қабылдаймыз.

Хабар 24 телеарнасы