379.19 427.25 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордада «Күлтегін» анимациялық фильмі тегін көрсетіледі

  • 292
  • UPD: 11:40, 04.04.2019
Елордада «Күлтегін» анимациялық фильмі тегін көрсетіледі фото ашық интернет көзінен алынды

Қайырымдылық шарасы 7 сәуір күні «QAZAQSTAN» орталық концерт залында өтеді, деп хабарлайды Елорда Инфо.

«7 сәуір күні «QAZAQSTAN» орталық концерт залында «Күлтегін» мультфильмінің қайырымдылық көрсетілімі өтеді. Кішкентай көрермендерді мультфильмнің екі сеансы күтуде. Анимация, графика жағынан шетелдік мультфильмдерден кем түспейтін туынды сағат 15.00-де қазақ тілінде, ал 17.00-де орыс тілінде көрсетілмек. Көпбалалы және әлеуметтік тұрғыдан аз қамтылған отбасылардан шыққан балалар, жетімдер үйінің тәрбиеленушілері, мүгедек балалар үшін кіру тегін», - деп жазылған «QAZAQSTAN» мемлекеттік концерт ұйымының Фейсбук парақшасында.

ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ түсірген туынды Түрік қағанатының даңқты әскери қолбасшысы Күлтегіннің ерлігі туралы баяндайды.

Айта кетсек, аталған мәдени мекеме бұған дейінде елордалық бүлдіршіндерге тарту жасаған болатын. Наурыз мерекесі қарсаңында «Мұзбалақ» мультфильмі қазақ және орыс тілдерінде көрсетіліп, оған 5 600 кішкентай көрермен қатысты.

Хабар 24 телеарнасы