384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Павлодар облысында Баянауыл жолы жабылды

  • 592
  • UPD: 15:20, 04.04.2019
Павлодар облысында Баянауыл жолы жабылды

Республикалық маңызы бар Қалқаман-Үміткер-Ульяновскі жолы тасқын суға байланысты уақытша жабылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Төтенше жағдайлар департаменті мамандарының мәлімдеуінше, қызылсу  Қарағанды облысынан келіп жатыр. Ал жергілікті атқарушы билік көп суды өткізу үшін 101-шақырымда күре жолдың бір бөлігін бұзуға тура келгенін жеткізді. Бүгін таңертең көлік қатынасына шектеу қойылды. Жағдай бақылауда. Оқиға орнында жұмыс жүріп жатыр.

Оразгелді Қайыргелдинов, Баянауыл ауданының әкімі:

- Қалқаман-Үміткер 101-шақырымында су жиналып, трассадан су өтті. Сол өткен жерде 8 метрдей жолды шайды. Қазір техника жұмыс істеп жатыр. Су деңгейі 10 см түсті. Тағы да 10-15 см түскеннен кейін, жолды қайтадан ашамыз. Ауылдық жерлерге қауіп жоқ. Кешке дейін жолды жөндеп ашамыз.

Хабар 24 телеарнасы