384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтауда жомарт жандар көп балалы отбасыға пәтер сыйлады

  • 821
  • UPD: 15:20, 04.04.2019

Ақтау қаласының жомарт жандары 6 баласы бар отбасыға жаңа салынған үйлерден екі бөлмелі пәтердің кілтін табыс етті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Көп балалы отбасы осыған дейін шаһар іргесіндегі иесіз жатқан өндірістік аймақтағы ескі лашықты паналап келген. Мұндай сыйлықты күтпеген «Күміс алқа» иегері Нағима Көпжасарованың қуанышында шек жоқ. Оның 2 бірдей баласы мен жолдасы бірінші топтағы мүгедек. «Енді жолдасым мен балаларымның жылы да жайлы үйде тұруына мүмкіндік туды», – дейді ол. Қоныс тойын тойлауға игілікті іске ұйтқы болған жергілікті билік пен «Ақжүніс» аналар қоғамының өкілдері де келді. 

Нағима Көпжасарова, көпбалалы ана:

- Бүгін қуанышты күн. Осындай жаңалық болды. Әлі де толқып тұрмын. Мұндай пәтерге қол жеткіземін деп ешқашан ойлаған жоқпын. Қуаныштымын, барлығыңызға Алла разы болсын.

Анар Шамшадинова, «Ақжүніс» аналар қоғамының облыстағы жетекшісі:

- Адамгершілік жасап, көмек көрсету дұрыс деп санаймын. Өз атымнан, «Ақжүніс» аналар қоғамының атынан үлкен алғысымды айтамын. Нағима Көпжасарова апамыз осы үйде өз бала-шағасымен, отағасымен бақытты өмір сүретініне сенеміз. Отағасы Серік ағамыздың қолының шеберлігі бар екен, денсаулығы жоқ. Дегенмен біз ол кісіні Ақтау қаласы бойынша «Бизнес 3 күнде» жобасына тартуды ойлап отырмыз. Ол кісі ағаштан әртүрлі бұйымдар жасайды екен. Сол бойынша ол кісінің кәсібін дамытуға қол ұшын бергіміз келеді.

Хабар 24 телеарнасы