379.54 427.25 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қарағанды облысында кәсіпкер көп балалы анаға баспана сыйлады

  • 140
  • UPD: 15:20, 04.04.2019
Қарағанды облысында кәсіпкер көп балалы анаға баспана сыйлады

Қарағанды облысының Саран қаласында тұратын көп балалы ана Роза Хасанбаеваға жергілікті кәсіпкердің бірі баспана сыйлады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұған дейін ол 4 баласымен жатақхананың қуықтай бөлмесінде жан бағып келген. Енді төрт бөлмелі зәулім пәтерде тұрады. Баспана толық күрделі жөндеуден өткен. Тұрғын үй қаланың қақ ортасында орналасқандықтан, маңайында мектеп, балабақша, дәріхана, дүкен секілді әлеуметтік нысандардың барлығы бар. Жергілікті билік өкілдерінің айтуынша, осы күнге дейін «Біз біргеміз» шарасының аясында көп балалы 52 анаға түрлі деңгейде көмек көрсетілген.

Айта кетейік, қазіргі күні Саран қаласында барлығы 139 көп балалы отбасы бар.

Роза Хасанбаева, Саран қаласының тұрғыны:

- Біз осы күнді ұзақ күттік. Бұған дейін отбасылық жатақхананың 10 шаршы метрлік бір бөлмесінде 5 адам тұрып келдік. Өте қиын болды. Жеке пәтеріміз болса деп армандаушы едік. Ол күнге де жеттік. Әлі де сене алар емеспін. Көмек көрсеткен қайырымды жандардың барлығына аналық алғысымды айтамын.

Хабар 24 телеарнасы