379.54 427.25 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстанда АЭС жуық арада салынбайды

  • 269
  • UPD: 15:21, 04.04.2019

Қазақстанда атом электр станциясын салу жөніндегі мәселе әлі талқыланады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы журналистерге энергетика министрінің орынбасары Мағзұм Мырзағалиев айтты. Сөзінше, мұндай қадамға бару үшін алдымен электр энергиясына деген өткір қажеттілік туындауы қажет. Қазіргі уақытта елімізде бұл жағынан ешқандай қиындықтар жоқ. Тіпті соңғы уақытта электр энергия мөлшерінің артқандығы байқалып отыр. 

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін бұқаралық ақпарат құралдарында Алматы облысында атом электр станциясын салу туралы ақпар тараған болатын.

Мағзұм Мырзағалиев, ҚР энергетика вице-министрі:

- Бұл мәселе кеше ғана көтерілген мәселе емес. Қоғамда ұзақ уақыттан бері талқыланып, зерттеліп келеді. Бұған қатысты қазақстандықтардың пікірі міндетті түрде ескерілетін болады. Сондай-ақ ауданның сейсмикалық тұрғыда, судың қолжетімділігі сияқты түрлі алаң зерделенді. Бұл Алматы облысы Үлкен ауылындағы Курчатов алаңында қарастырылды. 

Хабар 24 телеарнасы