377.33 425.55 5.92
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Павлодар облысындағы су шайып кеткен автожолда 20 арнайы техника жұмыс істеп жатыр

  • 125
Павлодар облысындағы су шайып кеткен автожолда 20 арнайы техника жұмыс істеп жатыр

Павлодар облысында республикалық маңызы бар «Қалқаман-Баянауыл-Үміткер-Ульяновск» автомобиль жолының бір бөлігін су шайып кетті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Салдарынан көлік қозғалысына шектеу қойылып, тасжолдың 101-шақырымындағы учаске уақытша жабылды. Қазіргі уақытта Баянауыл ауданының жергілікті атқарушы органдары мен сала мамандары жағдайды бақылауға алды. Оқиға орнында 20 арнайы техника мен мамандар тобы жұмыс істеп жатыр. Мамандардың хабарлауынша, жолдағы жағдай кешке тұрақталады. Қазіргі уақытта көрші Қарағанды облысындағы Ақжар бөгеті мен таулардың қар суы Ащысу өзеніне құйылуда. Маңдағы елді мекендерге қауіп жоқ.

Асқарбек Омаров, облыстық ТЖД дағдарыс кезінде бақылау басқармасының бастығы:

– Оның көлемі – 5-6 метр, тереңдігі – 90-100 сантиметр. Судың бәрі Ащысу өзенінен келген. Қазіргі уақытта тасжол жабық. Баянауыл ауылына Қарағанды және Май ауданы арқылы баруға болады.

Хабар 24 телеарнасы