379.54 427.25 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Шиеліде рәміздер алаңы ашылды

  • 120
Шиеліде рәміздер алаңы ашылды

Қызылорда облысы Шиелі ауданында Тәуелсіз елдің азаттығын айшықтайтын рәміздер алаңы ашылды.

Мемлекеттік нышандар 12 мың шаршы метр аумаққа орналастырылған. Көк байрағымыз 23 метрлік тұғырға көтерілген нысанда енді ауқымды шаралардың барлығы өткізілетін болады. Жергілікті бюджеттен 28 миллион теңге жұмсалып, құрылысы жарты жылға созылған алаң әсіресе аудан жастарын ұлтжандылыққа, отансүйгіштікке баулу тұрғысында маңызы ерек. Ағымдағы жылы осы маңайдан жастар сарайы салынады деп жоспарланып отыр. Сол кезде бұл жер тағылымды тәрбиелік және думанды жобалардың жүзеге асатын орталығына айналмақ.

Хабар 24 телеарнасы