379.19 427.25 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Байқоңырды газдандыру мәселесі Қазақстан мен Ресейдің үкіметаралық талқылауына шығарылды

  • 128
Байқоңырды газдандыру мәселесі Қазақстан мен Ресейдің үкіметаралық талқылауына шығарылды

Байқоңырды көгілдір отынмен қамту жоспары қос елдің басшылары Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путиннің кездесуі кезінде жарияланған болатын.

2017 жылы қалаға «Бейнеу-Бозой-Шымкент» магистральді газ желісінен құбыр тартылып қойған. Алайда бірақатар мәселеге байланысты елді мекенді газдандыру жұмыстары толыққанды жүргізілмей келген еді. Енді бұл кедергілер жойылып, өзекті мәселе шешімін табуы тиіс.

Мағзұм Мырзағалиев, ҚР Энергетика вице-министрі:

– Байқоңыр қаласында қазірдің өзінде кейбір әлеуметтік нысандарға газ тартылған. Дегенмен біз бұл мәселені үкіметаралық талқылауға шығардық. Мұнда Ресей Федерациясы жалға алған және қазақстандық нысандарға қатысты бірқатар мәселе туындап отыр. Үкіметаралық келісім осы үшін керек болды.

Хабар 24 телеарнасы