379.19 427.25 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


БҚО-да киіктерді қорғау шаралары күшейтіледі

  • 145
БҚО-да киіктерді қорғау шаралары күшейтіледі

Батыс Қазақстан облысында соңғы 2 жылда заңсыз киік аулағаны үшін 88 адам сотталған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Олардың көбіне бостандығын шектеу жазасы тағайындалса, жетеуі түзеу мекемелерінде жазасын өтеп жатыр. Кінәлі тұлғалардың кесірінен мемлекетке келтірілген залал көлемі – 1 миллиард 100 миллион теңге. Сот орындаушыларының күшімен 12 миллион теңге мемлекет қазынасына қайтарылды. Осы уақыт ішінде 600 бас киіктің өлексесі мен мыңға тарта мүйізі тәркіленіп, жойылды. Мамандардың есебінше, қазіргі таңда аймақта киіктердің саны 135 мыңға жуықтайды. Биылғы қыстың қатты болуына байланысты Атырау облысының аумағына ойысқан ақбөкендер қазір өңірге оралып жатыр. Өкінішке қарай, дала жануарларының жаулары азаймай тұр. Тіпті қылмыс жасағандар қатарында киіктерді қорғау міндеті сеніп тапсырылған мекеме қызметкерлері де бар, дейді прокурорлар.

Бауыржан Ахметжан, облыс прокурорының аға көмекшісі:

– 2018 жылы ұйымдасқан қылмыстық топтың қылмысы әшкереленіп, оның ішінде «Охотзоопром» өңірлік филиалының қызметкері де болған. Ол қызметін пайдаланып киіктердің қай жерде жайылатынын және де осы инспекторлардың маршрутын қай жерде тексеретінін айтып, қылмыстық топтың мүшелерін қорғап отырған. Барлығы 492 киікті атып өлтіріп, мемлекетке 745 миллион теңге залал келтірген.

Зәкәрия Тұралиев, БҚО орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы басшысының орынбасары:

– Охотзоопромның өңірлік филиалы 50 адамнан құрылған. Олар 35 техникамен қамтылған. Сот шешімі бойынша 6 техника тәркіленді.

Хабар 24 телеарнасы