378.56 423.83 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қостанай облысының медициналық мекемелерінде тегін берілуі тиіс анықтама сатылып келген

  • 134
Қостанай облысының медициналық мекемелерінде тегін берілуі тиіс анықтама сатылып келген kremlinrus.ru

Туберкулезге қарсы диспансерде, наркологияда немесе психоневрологияда есепте тұрған, тұрмағаныңды дәлелдейтін анықтама тегін берілу тиіс.

Бұл туралы 2018 жылдың 15 желтоқсанында Қазақстан Респбликасының Денсаулық сақтау министрінің бұйрығы шыққан. Жаңа өзгеріске сәйкес, мұндай анықтама «Азаматтарға арналған үкімет» корпорациясы немесе электронды үкімет порталы арқылы беріледі. Алайда Қостанай облысының медициналық мекемелері бұл құжат үшін осы уақытқа дейін ақы алып келген. Ақ халаттылардың заңсыз әрекеті қоғамдық бақылау өкілдері жүргізген құпия тексеріс барысында анықталды. Осыған байланысты облыстық денсаулық сақтау департаментіне енді мұндай заңсыздыққа жол бермеу және негізсіз алынған төлемақыны иелеріне қайтару жөнінде хат жолданды. 

Гүлнәр Шағырова, мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департментінің басқарма басшысы:

– Бұйрық күшіне енгеннен бергі аралықта облыстағы медициналық мекемелер шамамен 3700 анықтама құжатын бергендігі мәлім болды. Наркологиялық анықтама 1200 тенге, психоневрологиялық 900 тенге тұрады. Сонда олар жалпы жиынтығы 3 миллион 400 мың теңгедей еш негізсіз төлемақы алғандығы анықталып отыр. Енді ол қаржыны азаматтарға қайтаруға міндетті.

Хабар 24 телеарнасы