379.54 427.25 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


2030 жылға қарай еліміздің оңтүстігінде қуат көзі тапшы болуы мүмкін

  • 123
  • UPD: 22:35, 04.04.2019

Қазақ жерінде атом электр стансасын салу жөніндегі пікір қазір әлеуметтік желіде желдей есіп тұр, деп хабарлайды «Хабар 24».

«Бірақ даурығуға негіз жоқ», – дейді Энергетика вице-министрі. Барлығы жоспарлы түрде жүргізілмек. Айталық, 2030 жылға қарай еліміздің оңтүстігінде қуат көзі тапшы болуы мүмкін. Сондықтан күнгей өлкеде электр энергиясының тапшылығын болдырмау үшін бірнеше жобалар қарастырылып жатыр.

Сұңғат Есімханов, ҚР Энергетика вице-министрі:

– Әр түрлі жоспарлар қарастырылып жатыр. Ол газ электр стансаларын салу, гидро электр стансасы мен атом электр стансасын салу мәселесі бар. Біз бұл мәселені жан-жақты талдау жасап, қарап жатырмыз. Дәл бүгінгі күні АЭС салу туралы шешім жоқ. Оны Үкімет қабылдаған жоқ. Тиісті техникалық-экономикалық зерттеулер өткесін ғана қарастырылады. Жергілікті үлкен тыңдаулар өткізіледі. Ресей тарапынан ұсыныс жасалды, бірақ қарастырылып жатыр.

Хабар 24 телеарнасы