377.33 425.55 5.92
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ҚР ДСМ: Ауыл-аймақтарға барған дәрігерлерге барлық тұрмыстық жағдай жасалуы керек

  • 117
ҚР ДСМ: Ауыл-аймақтарға барған дәрігерлерге барлық тұрмыстық жағдай жасалуы керек

Биылдан бастап мемлекеттік грант бойынша білім алған дәрігерлер ауыл-аймақтарда 3 жыл жұмыс істеуге міндетті.

Бүгін Қостанай облысына іссапармен барған Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов осылай деді. Осыған дейін мемлекет есебінен оқыған медициналық қызметкерлерді тұрақтандыру талабы болған жоқ. Сондықтан кадр тапшылығы әлі күнге өзекті күйде қалып отыр. Мәселен, министр барған Қостанайдағы төртінші емханада 6 жалпы практикалық дәрігер, 6 терапевт жетіспейді. Ал бұл емдеу мекемесіне 75 мыңға жуық адам тіркелген. Жалпы елімізде жыл сайын 6 мың адам жоғары медициналық білім алып шығады. Алайда солардың барған жерлерінде тұрақтап қалғаны шамалы. Енді келісімшарт бойынша жұмыс істеуге заңды тұрғыда міндеттеледі. Есесіне оларды әлеуметтік жағынан қолдау басты назарда болады.     

Елжан Біртанов, ҚР Денсаулық сақтау министрі:

– Енді жас мамандарды әлеуметтік жағынан қолдау заңдастырылып, бір жүйеге келтірілетін болады. «Мүмкіндік бар, жоқ» деген әңгіме болмауы тиіс. Яғни атқарушы билік қаржылай жәрдемақымен, тұрғын үймен қамтамасыз етуге міндетті. Ауыл-аймақтарға барған дәрігерлерге барлық тұрмыстық жағдай жасалуы керек.

Хабар 24 телеарнасы