379.54 427.25 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақмолалық құтқарушылар су басқан аралдан балықшыны құтқарды

  • 69
  • UPD: 22:53, 04.04.2019
Ақмолалық құтқарушылар су басқан аралдан балықшыны құтқарды Intex-press

Ақмола облысының құтқарушылары су басқан аралдан балықшыны құтқарды.

Оқиға Ерейментау ауданында болған. 75 жастағы степногорлық зейнеткер өткен айдың соңында Сілеті су қоймасында балық аулап жүріп, «Құнай» атты аралда қалып қойған. Төрт күннен соң ол су деңгейінің көтеріліп, мұздардың жарылғанын байқайды. Дереу 112-ге көмек сұрап қоңырау шалады. Алайда құтқарушылар бірінші күні оны аралдан алып шыға алмайды. Себебі көлде қайықпен жүзуге мұздар кедергі келтірген. Ал келесі күні қарияны көлігімен қоса аман-есен жағаға алып шыққан.

Хабар 24 телеарнасы