389,65 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақмола облысындағы су қоймаларында жағдай бірқалыпты

  • 566
  • UPD: 08:51, 05.04.2019

Ақмола облысындағы су қоймаларының жағдайы қазір бірқалыпты.

Бұл туралы облыстық төтенше жағдайлар департаментінің басшылығы көшпелі брифинг барысында мәлімдеді. Журналистер құтқарушылармен бірге Көкшетау қаласының іргесіндегі Шағалалы су қоймасына барып, су жіберу процесін көзбен көрді. Мамандардың айтуынша, аталған су айдынының сыйымдылығы 28 млн текше метр. Ал қазір мұнда 21 млн 400 мың текше метр ағын су келіп құйылған. Әзірге ешқандай елді мекендерге қауіп төніп тұрған жоқ. Айта кету керек, Ақмола облысында 3 бірдей ірі су қоймасы бар. 

Алексей Советов, облыстық төтенше жағдайлар департаменті басшысы:

- Астана су қоймасының сыйымдылығы 410 млн текше метр. Қазір онда 390 млн текше метр су бар. Одан да секундына 344 текше метр суды сыртқа ағызып жатырмыз. Сілеті су қоймасы да қазір 90 процентке толды. Бірақ онда да су жіберу жұмыстары жүргізілді.

Хабар 24 телеарнасы