378.56 423.83 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Бүгін еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады

  • 134
  • UPD: 09:27, 05.04.2019
Бүгін еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады pixabay.com

Бүгін Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын болады.

«Қазгидромет» РМК-ның мәліметтеріне сәйкес 5 сәуір күні еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады.

Атмосфералық ағымдардың өтуіне байланысты 5 сәуір күні Қазақстанның басым бөлігінде жауын жауады. Солтүстік-шығыста және еліміздің оңтүстігінің кей жерлерінде жаңбыр мол мөлшерде жауады. Тек оңтүстік-батыста ғана күн жауын-шашынсыз болады. Республиканың кей жерлерінде тұман түсіп, жел күшейеді. Оңтүстікте және оңтүстік-шығыста найзағай ойнап, бұршақ жаууы мүмкін. Солтүстікте әлі де көктайғақ болуы ықтимал. Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады. Желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді.

Қызылорда, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Қостанай, Қарағанды облыстарында, түнде Атырау облысының кей жерлерінде тұман түсуі ықтимал. Қостанай, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с-қа дейін жетеді. Түркістан, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде найзағай ойнап, тұман түседі. Күндіз бұршақ жаууы мүмкін. Түркістан облысының бірқатар бөлігінде күндіз жел 15-20 м/с жылдамдықпен ұйтқиды. Алматы облысының кей жерлерінде күндіз жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғады. Шығыс Қазақстан облысының бірқатар аумақтарында желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді. Күндіз кей жерлерде найзағай ойнайды.

Хабар 24 телеарнасы