377.33 425.55 5.92
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Павлодар облысының әкімі су басу қаупі бар аймақтарды тікұшақпен аралап шықты

  • 112
  • UPD: 09:57, 05.04.2019
Павлодар облысының әкімі су басу қаупі бар аймақтарды тікұшақпен аралап шықты Суреттер облыс әкімінің Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасынан алынған

Павлодар облысының әкімі Болат Бақауов Баянауыл ауданының су басу қаупі бар аймақтарын тікұшақпен аралап шықты, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Бұл туралы аймақ басшысы Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасында жариялады.

«Баянауыл-Майқайың тас жолының 101 шақырымдағы жолдың жағдайын көрдім», - деп жазады Болат Бақауов. «Жағдай бақылауға алынды. Аудан әкіміне тәуліктің соңына дейін көлік қозғалысын қалпына келтіруді тапсырдым. Елді мекендерді су басу қаупі жоқ, соған қарамастан барлық қызметтер әрекет етуге дайын. Ауа райының күрт жылуына байланысты Қарағанды облысынан келетін еріген қар суының көлемі артып, жолың бұзылуына себеп болған», деді облыс әкімі.

Өңірде жалпы саны 1 564 адам азаматтық қорғаныс қызметінің күштері, 650 техника, 63 жүзу құралы мен 194 мотопомпа дайындалды.

Облыстың барлық коммуналдық қызметтері кез келген қауіптің алдын алуға дайын. Өңірдегі көктемгі су тасу жағдайы облыс әкімінің жеке бақылауына алынған.

Еске сала кетейік, кеше, 4 сәуір күні республикалық маңызы бар «Қалқаман – Баянауыл – Үміткер – Ульяновск» тас жолының бір бөлігі су шайып кетуіне байланысты жабылған болатын.

Суреттер облыс әкімінің Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасынан алынған.

Хабар 24 телеарнасы