379.54 427.25 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Амандық Баталовтың парақшасына аз уақытта 2 мыңға жуық адам жазылған

  • 96
  • UPD: 13:01, 05.04.2019

Алматы облысының әкімі Амандық Баталов фейсбуктағы жаңадан ашылған жеке парақшасында бір аптаның ішінде 2 мыңға жуық лүпіл жинады.

Онда барлығы он шақты жазба жарияланған. Пікір қалдырғандардың көбі өңір басшысының әлеуметтік желідегі белсенділігіне қолдау білдіріп, өздерін алаңдататын мәселелерге байланысты тұшымды жауап алды. Облыс тұрғындарын жолдарды жөндеу, әлеуметтік нысандар салу, тіпті жас футболшыларды Португалияда оқытуға қолдау білдіру сияқты мәселелер де алаңдатады екен. 4-5 күннің ішінде облыс әкімінің аталған әлеуметтік желідегі жазылушыларының саны 1830-ға жеткен. Айта кету керек, Алматы облысындағы аудан, қала әкімдерінің барлығы соңғы екі жылдан бері әлеуметтік желідегі жеке парақшаларын тұрақты жүргізіп келеді.

Меруерт Махмұтжан, қала тұрғыны:

- Жалпы әкімдердің, облыс әкімдерінің әлеуметтік желіде әрқашан онлайн болуы бұл өте маңызды, өте дұрыс деп есептеймін. Себебі бұл халықпен тығыз байланысып, бейресмилікті алып тастайды. Ол шынымен де мықты, шыншыл көпір құруға көмектеседі.

Әлішер Исаханов, қала тұрғыны:

- Облыс әкімінің жеке парақшасы фейсбукта ашылғанын енді ғана біліп отырмын сіз айтқандықтан. Ол негізі жақсы, позитивті жаңалық деп ойлаймын. Облыстағы су мәселесі болсын, ЖКХ болсын, өзімізді алаңдататын проблемаларды шешудің тағы да бір мүмкіндігі болады.

Балжан Қайратқызы, қала тұрғыны:

- Мен ойлаймын ол парақшаның ашылғаны тек халыққа ғана емес, әрбір азамат үшін қолайлы деп. Кезекке тұрудың да қажеті жоқ. Өз сауалдарын үйде отырып, ұялы байланыс арқылы да қоя бере алады.

Хабар 24 телеарнасы