389,71 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Өңірлерде тасқынға қатысты жағдай бірқалыпты – ТЖК

  • 404
  • UPD: 13:25, 05.04.2019
Өңірлерде тасқынға қатысты жағдай бірқалыпты – ТЖК

Павлодар-Баянауыл тас жолында қозғалыс реттелген жоқ. Естеріңізде болса, республикалық маңыздағы Қалқаман – Баянауыл – Үміткер – Ботақара тас жолының бір бөлігін су шайып кетіп, жол қатынасы уақытша жабылған болатын.

Төтенше жағдайлар комитетінің төрағасы Владимир Беккердің айтуынша, қазір өңірлердегі ахуал тұрақты ауыр. Бір қуантарлығы, Қарағанды облысында тасқынның беті қайтты. Солтүстік Қазақстан облысындағы Қаратал, Құлыкөл ауылдарында судан зардап шеккендер үйлеріне оралып жатыр. Ал Ақмоладағы Жабай өзенінің су деңгейі 7 метрге көтерілген. Қазір Шығыс Қазақстандағы Катонқарағай ауданында да тасқынмен күрес жалғасып жатыр. Жалпы республикалық қорда 50 тонна инертті материал сақтаулы.

Владимир Беккер, ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің төрағасы:

- Қажетті техникамен қамту жағы қиын болып тұр. Үкімет басшысының тапсырмасымен жол картасы құрылып, мәселені кезең-кезеңмен шешуді көздеп отырмыз. Алдағы уақытта көрсеткішті 58 процентке жеткізбекпіз. Өткен жылы бөлінген қаражатқа 700 мотопомпа алынған болатын. Қазір олар өңірлерде жұмыс істеп жатыр.

Хабар 24 телеарнасы