379.86 423.80 5.90
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


БҚО-да әскери оқу-жаттығулар өтті

  • 122
  • UPD: 14:15, 05.04.2019

Елді мекендерді жаудан қорғауға сарбаздарымыз сақадай сай. Дегенмен, жауынгерлердің тәжірибесін үздіксіз жетілдіру заман талабы.

Осыған байланысты «Батыс» өңірлік қолбасшылығының «Оймаша» оқу-жаттығу полигонында қалалық жағдайда ұрыс жүргізу тактикасы пысықталды. Елді мекенді шабуылдау үшін барлау жасалып, батальондық тактикалық топтың жеке құрамы мен әскери техниканың бірлесе әрекет етуі тексерілді. Бүгінде ауылдардың үлкейіп, қалалық үлгіге көшуіне байланысты әскерилердің биік нысандар мен тар көшелерде ұрыс жүргізуге машықтанғаны абзал дейді мамандар.

Қаныш Әбубәкіров, «Батыс» өңірлік қолбасшылығының қолбасшысы, генерал-майор:

- Бұл оқу-жаттығуда бес мәселені қамтыдық. Бірінші шабуылдаушы құрамды іріктелді. Одан кейін Шабуылдау жүйесін реттелді. Елді мекенді барлау жүргізіліді және жеке құрамның әскери техникамен бірлесе әрекет ету жағдайы пысықталды. Ең соңында елді мекенді басып алу операциясын іс жүзінде көрсеттік.

Хабар 24 телеарнасы