379.19 427.25 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордада қарт адамдарға арналған демалыс орталығы ашылды

  • 101
  • UPD: 14:00, 05.04.2019
Елордада қарт адамдарға арналған демалыс орталығы ашылды astana.gov.kz

Осы аптада Нұр-Сұлтан қаласының Есіл ауданында зейнеткерлерге арналған 13 демалыс орталығы ашылды.

Орталық аудандық ардагерлер кеңесінің және Есіл ауданы әкімі аппаратының қолдауымен құрылған, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты.

Ол қалай жұмыс істейді?

Жаңа орталық №78 мектеп-гимназия ауданындағы «Құлагер» ТК тұрғындары үшін ашылды. Ашылу салтанатына Есіл ауданы әкімі аппаратының басшысы Арай Садықов, қалалық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Есболат Дүйсенов, Есіл ауданы ардагерлер кеңесінің төрайымы Рысты Атығаева, сондай-ақ көп қабатты үйлердің тұрғындары қатысты. Дәстүрлі түрде ашылу салтанаты қызыл лентаны кесуден басталды.

Мұнда барлығы 200-ден астам зейнеткер тұрады. Олардың барлығы белсенді өмір салтын ұстанады. Серуендейді, немерелерін тәрбиелейді.

«Бұл – біздің ауданда ашылған 13-ші орталық. Мұнда қариялар әңгіме-дүкен құрып, үстел ойындарын ойнап, теледидар көріп, газеттер оқи алады. Демалыс орталығында туған күндерді де бірге атап өтуге болады», – деді Есіл ауданы ардагерлер кеңесінің төрайымы Рысты Атығаева.

Зейнеткерлер айтуынша, мұндай демалыс орталықтары қарт адамдарға уақытты жағымды әрі пайдалы өткізуге септігін тигізеді.

Хабар 24 телеарнасы