389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Наурыз айында Медициналық сақтандыру қорына 8,6 млрд теңгеден астам жарна түсті

  • 405
  • UPD: 14:21, 05.04.2019
Наурыз айында Медициналық сақтандыру қорына 8,6 млрд теңгеден астам жарна түсті

Биылғы наурыз айында Медициналық сақтандыру қорына 8,6 млрд теңгеден астам жарна түсті.

Бұл туралы ведоствоның баспасөз қызметі мәлімдеді.

Жүйе іске қосылған 2017 жылдың 1 шілдесі мен 2019 жылдың 31 наурызы аралығында жинақталған жарнаның жалпы сомасы 157,8 млрд теңгені құрады.

Оның 149,1 млрд теңгесі (шамамен 94,5%) жұмыс берушілердің аударымдары болса, қалған 8,7 млрд теңге (5,5% жуығы) – жеке кәсіпкерлер мен азаматтық-құқықтық келісімшарт негізінде еңбек ететін тұлғаларға тиесілі.

Аймақтық тұрғыдан алғанда, жарна төлеу жағынан бұрынғыша Алматы, Нұр-Сұлтан қалалары мен Қарағанды облысы көш бастап тұр.

Жинақталған қаржы Ұлттық банкте сақталады. Болашақта МӘМС пакеті шеңберіндегі қызметтер ақысын төлеуге жұмсалады. Еліміздің бас банкімен қаржыны сенімгерлік басқару туралы келісім бекітілген.

Хабар 24 телеарнасы