377.73 425.55 5.92
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Өскеменде студенттік театр фестивалі басталды

  • 301
  • UPD: 14:50, 05.04.2019

«Ұлы өнер – ұлт жаңғыруы». Өскемен қаласында осындай атаумен жоғарғы оқу орындары жанындағы студенттердің театр фестивалі басталды.

Жастыр жылы аясында  Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша өткізіліп жатқан мәдени шараға еліміздің 12 қаласынан студенттер театры қатысып жатыр.

Олжас Керейхан, тілші:

- Жастар жылы аясында дәстүрлі үйымдастырылып келе бұл фестивалдің мән-мазмұны ерекше. Студенттерден құралған әрбір театрдың өзіндік қалыптасқан үрдісі бар.Көтеретін тақырыптары да сан алуан.  Сондықтан тақырыпқа шектеу жоқ. Ал фестивалді ұйымдастырудағы  ең негізгі мақсат жоғарғы оқу орындары жанынан құрылған студенттер театрларының бір-бірімен жақын танысуына мүмкіндік жасау. Сондай-ақ жастардың театр өнерімен жақын таныстыру. Фестивалдің өтуіне ұйтқы болған Сәрсен Аманжолов атындағы университеттің ректоры Мұxтар Төлегеннің бір ауыз пікірін жазып алған едік. Енді соны тыңдайық.

Шығармашылықтарыңыз шыңдала берсін. Иә Соңғы жылдары еліміздегі жоғарғы оқу орындарының көбісінде студенттер театры құрылған. Бүгін басталған фестивалға тек Нұр-Нұрсұлтан қаласының өзінен 3 театр келген. Яғни фестивалдың мән-мазмұнын осыдан-ақ байқауға болады.

- Жалпы фестивал неше күн болады. Қойылымдарда уақытқа шектеу бар ма?

Фестиваль 2 күн болады. Әрине әрбір саxналық қойылымға жарты сағат берілген. Ал шараның қорытындысы бойынша әрбір театр жеке аталымдар бойынша мараппаталады.

Хабар 24 телеарнасы