379.54 427.25 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Павлодар облысында жасыл желекті аялауға арналған акция өтті

  • 128
  • UPD: 15:40, 05.04.2019
Павлодар облысында жасыл желекті аялауға арналған акция өтті

Ертіс өңірінің жүздеген мектеп оқушысы мен студенті, сонымен қатар экологиялық ұйымдардың өкілдері «Саябақтар шеруі» акциясы шеңберінде қала көшелерімен жүріп өтті.

Басты мақсат жұртшылықты орман байлығын сақтауға, аялауға шақыру. Ағаш отырғызу мәдениетін дамыту. Дәстүрлі халықаралық акцияның облыста өтуінің өзіндік себебі бар. Бүгінде өңір қарағайлы ормандарымен мақтана алады. Облыс аумағында 227 мың гектарды алып жатқан «Ертіс орманы» резерваты, әлемге танымал Баянауыл табиғи паркі, Шалдай орманы орналасқан. Қазіргі уақытта «Ертіс орманы» резерватында 1997 жылы болған өрттен зардап шеккен орманды қалыпқа келтіру жұмыстары жүргізілуде. Сол сәтте қарағайлы орманның 25%-і жанып кеткен еді. Осы ретте жыл сайын екі мыңнан астам гектарға жас көшет отырғызылады.

Ринат Нұрғазин, «Ертіс орманы» мемлекеттік табиғи резерваты директорының орынбасары:

- Қазір сол өртенген жерлерді қалпына келтіру  мақсатында бізде жыл сайын 2028 ағаш отырғызамыз кәдімгі қарағай тұқымын және біз оны осы өртенген жерлерді тез қалпына келтіру үшін одан бөлек біз 500-ден астам гектарға асырып отырғызамыз. Ол дегеніміз жоспарланған орманға келтіру жұмыстарын 126%-дан аса орындап жатырмыз.

Хабар 24 телеарнасы