379.19 427.25 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Еуроодақ елдеріне сәлемдемені тікелей жіберу мүмкіндігі туды

  • 97
  • UPD: 17:00, 05.04.2019
Еуроодақ елдеріне сәлемдемені тікелей жіберу мүмкіндігі туды elorda.info

Елімізде бизнес-ортаны дамыту және сауда қызметін реттеу мәселелері туралы заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.

Ол бойынша «Қорғас» ШЫХО ЕЭА орналасқан бондтық қоймадан халықаралық пошта жөнелтілімдерін тікелей жіберу мүмкіндігі туды. Бұл туралы «Қазпошта» АҚ-ның басқарма төрағасы Сәкен Сәрсенов өзінің Фейсбук парақшасында жазды деп хабарлайды Елорда Инфо.

«Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бизнес-ортаны дамыту және сауда қызметін реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңына қол қойды. Енгізілген түзетулер Қазпоштаға «Қорғас» ШЫХО ЕЭА аумағында орналасқан бондтық қоймадан халықаралық пошта жөнелтілімдерінің транзитін реттеуге мүмкіндік береді», - деп жазды С.Сәрсенов.

Оның айтуынша, ендігі уақытта Қытай елінің пошта қызметтеріне жүгінбей Қытайдың логистикалық компаниялары мен Еуроодақ елдеріне «Қазпошта» арқылы сәлемдемелерді тікелей жеткізуге болады. Сондай-ақ, Қазақстанда жүкті ресімдеу уақыты да айтарлықтай қысқарады.

«Аталған сервисті енгізу экспортты декларациялау және тауарларды қайта импорттау кезінде халықаралық пошта жөнелтілімдерін кедендік ресімдеуді жеңілдетеді. Қазпошта кәсіпкерлерге кедендік ресімдеудің оңайлатылған түрін ұсынатын болады. Енді кез келген пошта бөлімшесінде тауарларға арналған құжаттарды кеден органдарына бармай, кедендік алымдарды төлемей ресімдеуге болады», - дейді «Қазпошта» басшысы.

Одан бөлек, заңға енгізілетін түзетулер заңды тұлғалар үшін тауарларды жеңілдетілген экспорттау сервисін енгізуге және экспорттаушыларға тауарларға арналған пошта құжаттарын (кедендік декларация: CN 22 және CN 23) пайдалануға мүмкіндік береді.

 

Хабар 24 телеарнасы