379.86 423.80 5.90
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстандық полиция қызметкерлері жолдарда қабылдау өткізіп жатыр

  • 103
  • UPD: 23:46, 05.04.2019
Қазақстандық полиция қызметкерлері жолдарда қабылдау өткізіп жатыр

Бүгін еліміздің барлық аймағында «Жолда қабылдау» акциясы өтіп жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Яғни полиция қызметінің басшылары көшеге шығып, қала тұрғындарымен кездеседі. Жолдағы түйткілдерді азаматтардың өз аузынан естіп біледі. Елорданың өзінде дәл осындай шара 6 жерде ұйымдыстырылған. Ол жерде арнайы мобильді топ жол қауіпсіздігінен бастап әкімшілік айыппұлдарды төлеуге қатысты барлық сұраққа жауап береді. Акция 2 күнге жалғасады.

Нұрлыбек Сарыбаев, қалалық ІІД әкімшілік полиция басқармасының инспекторы:

- Біз халыққа өте тиімді және қолайлы қызметтерді ұсынып отырмыз. Акцияға қатысты кез келген адам өзінің ойындағы шешілмеген сұрағы бойынша толық жауаптарын ала алады.

Хабар 24 телеарнасы