379.41 429.60 5.91
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қарағанды облысында жылжымалы жұмыспен қамту орталығы халыққа көмек көрсетуде

  • 97
  • UPD: 23:45, 05.04.2019
Қарағанды облысында жылжымалы жұмыспен қамту орталығы халыққа көмек көрсетуде

Балқаш қаласындағы мобильдік пункт көшелерді аралап, жергілікті халыққа көмек көрсетеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қазір Балқаш қаласында 150-ге жуық жұмыссыз адам тіркелген. Олардың кез келгені арнайы көлікпен жүретін мамандардан бос жұмыс орындары мен оқу курстары туралы ақпарат ала алады. Сонымен қатар қала тұрғындарына  жұмыспен қамту орталығы қаланың ішінен тағы 5 тұрақты пункт ашты. Олар бір терезе жүйесімен қызмет атқарады. Мамандар көп балалы аналардан құжаттар қабылдап, бос жұмыс орындары туралы ақпарат пен өз ісін ашамын деушілерге шағын несие алу жайында кеңес береді.

Жансая Әйкенова, қала тұрғыны:

- Маған өзімнің ісімді ашу үшін ақшалай көмек керек, 500 мыңға дейін мемлекеттік гранттар бөлінген. Тігін ательесін ашқым келеді, сол үшін көмек сұрап келдім. Көп көмегі тиді, құжаттарымды жинап, ісімді қолға аламын.

Хабар 24 телеарнасы