389,65 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


БҚО-да «Жолда қабылдау» мобильді акциясы өтіп жатыр

  • 447
  • UPD: 23:45, 05.04.2019
БҚО-да «Жолда қабылдау» мобильді акциясы өтіп жатыр

Мақсат – жүргізушілермен кері байланыс орнату, деп хабарлайды «Хабар 24».

Полиция қызметіндегі тың жаңалықтарды тұрғындарға жеткізу. Айта кету керек, жыл басынан бері өңір тұрғындарына жүргізуші куәлігін алу, көші-қон және автокөліктерді есепке қою бойынша 100 мыңдай мемлекеттік қызмет көрсетілген. Аймақта авткөлік иелері үшін мамандандырылған Халыққа қызмет көрсету орталығы жұмыс істеп тұр. Жуырда іске қосылған миграциялық қызмет орталығы да заман талабына сай жабдықталған. Шара барысында әкімшілік, жергілікті полиция және көші-қон қызметтерінің басшылары арнайы жабдықталған автобустарда азаматтарды жеке қабылдады. Мобильді қабылдау кезінде тұрғындар құқық қорғау қызметкерлерінің заңсыз іс-әрекеттеріне шағымдана алады. Сонымен қатар полиция тарапынан көрсетілетін мемлекетік қызметтер және цифрлық жобалардың жай-жапсарымен танысады.

Марат Ғаббасов, жүргізуші:

- Жол-патрульдік полициямен бірге бетпе-бет ақылдасып, бүгінгі таңда біз таксиде жұмыс жасаймыз. 3 жылдай болып қалды. Болашақта электронды желіде көп мағұлматтар, айыппұлдар бойынша көп мағлұматтар болса екен деген тілектеміз.

Манарбек Нәжиев, облыстық ПД жергілікті полиция басқармасы бастығының орынбасары:  

- Қала, облыс азаматтары уақыттарының болмауына байланысты нақты жауап ала алмай отырған фактілер орын алып отыр. Осы акция күнінде біз жолда кездесіп, түсіндіріп айтып жатырмыз. Автокөлікті есепке қою, шығару, соның ішінде жүргізуші куәлігін қалай алу керек, қалай емтиханға дайындалу керек деген сияқты сауалдап көп.

Хабар 24 телеарнасы