379.54 427.25 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Семейдегі кәсіпорын айына 4 мың серіппелі матрас шығарады

  • 115
  • UPD: 23:43, 05.04.2019

Семейде өнім өндіруші кәсіпорындар көбейіп келеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұрын жиһаз құрастырумен айналысқан Ербол Нартбаев матрастарды шетелден тасымалдайтын. Қазір өзі жасайды. Кәсіпкердің бұл жобасына «Даму» қоры қолдау көрсетіп, 30 миллион теңге қолжетімді несие берген. Іскер азамат осы қаражатқа озық технологиямен жұмыс істейтін құрал-жабдық сатып алған. Қазір айына 4 мың серіппелі матрас шығарады. Кәсіпкер мұнымен де шектеліп қалмай, өндіріс көлемін тағы арттыруды көздеп отыр. 

Ербол Нартбаев, кәсіпкер:

- Матрас көбінесе Ресейден, шетелден келген соң, біз өзіміз шығаруды ойға алдық. Қазақстан бойынша бүкіл қалаларға таратамыз, бізде бастысы баға мен сапа. Болашақта өндірісті үлкейту туралы ойымыз бар, 20-дан артық адам жұмыс істейді.

Хабар 24 телеарнасы