379.54 427.25 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қарағандыда 101 жастағы кейуанаға күрделі операция жасалды

  • 193
  • UPD: 23:42, 05.04.2019

Жамбасы сынған әжеге дәрігерлер жасанды сүйек салған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Сөйтіп екінші күні ол аяққа тұрды. «Бұл – отандық медицинадағы тағы бір жетістік», – дейді абзал жандар. Эндоскопиялық операция 2 сағатқа созылған. Қазір қарияның халі бірқалыпты. Дәрігерлердің қатаң бақылауында. Енді бір аптадан соң үйіне шығарылмақ. Ал үш айдан соң дертінен құлан таза айығатынын айтады дәрігерлер.

Нүрила Байтасова 1918 жылы Қарқаралы ауданының Едірей ауылында туған. Екі ғасырдың куәгері – еңбек ардагері. Бүгінде 6 баласынан тараған ұрпағының қызығын көруде. 30 немересі, 60 шөбересі және шөпшегі бар. Айта кету керек, дәрігерлер бұған дейін 106 жастағы ақсақалға да дәл осындай операция жасапты. Қазір ол кісінің халі жақсы.

Нүрилә Байтасова, қала тұрғыны:

- Дәрігерлерге көп рақмет. Бәрі жақсы. Жастарың ұзақ болсын, дендерің сау болсын, көздеген мақсаттарыңа жетіңдер, армандарыңа жетіңдер.

Хабар 24 телеарнасы