379.86 423.80 5.90
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Көкшетаудағы су басқан үйлер сүріледі

  • 107
  • UPD: 23:41, 05.04.2019

Бұл туралы бүгін жергілікті билік өкілдері мәлімдеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Себебі, аталған баспаналардың барлығы әбден ескірген. Кейбірі тіпті апатты жағдайда тұр. Оның үстіне сайда орналасқан. Олардың орнына екі бірдей көпқабатты үй тұрғызылып, баспанасын су шайған 12 отбасыға сол үйлерден пәтер берілуі мүмкін. Тасқыннан кейін бұл отбасылардың әрқайсына 70 мың теңгеден астам өтемақы төленді. Қазір олардың үйі судан тазартылып, кептіріліп жатыр. Ал өздері әкімдік ұсынған уақытша пәтерлерде тұрып жатыр.

Амангелді Смайылов, қала әкімі:

- Жақында бұл үйлерді бағалау жұмыстары басталады. Содан ары қарай заңға сәйкес сүруге дайындаймыз. Бірақ үйлері кепкен соң отбасылар әзірге осында тұра береді. Себебі, сүру үрдісі тез бітетін шаруа емес. Өтемақыдан тыс кәсіпкерлердің көмегімен зардап шеккендерге жиһаз бен тұрмыстық техникаларды жаңадан сатып алып беріп жатырмыз.

Сәуле Қапарова, қала тұрғыны:

- Біз қазір уақытша пәтерде тұрып жатырмыз. Ал үйлерімізді кептіріп, ретке келтіруге құтқарушылармен қатар ерікті жастар да көмектесуде. Ескі үйіміздің орнына жаңа үй салынады дегенді естіп қуанып қалдық. Бұл жаңалықты естісе, төрт баламның төбесі көкке жететін шығар.

Хабар 24 телеарнасы