379.54 427.25 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қостанай облысындағы өзен-көлдерге жиналған су аз

  • 110
  • UPD: 23:41, 05.04.2019
Қостанай облысындағы өзен-көлдерге жиналған су аз

Бұл туралы синоптик мамандар мәлімдеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Өңірдің негізгі өзендері Тобыл, Аят, Үй, Тоғызақ және Желқуарда 15 гидрологиялық бекет орналасқан. Суды өлшеу шаралары тәулігіне 4 рет жүргізіледі. Қар суы да өзендердің арнасынан асатындай қауіп төндіріп тұрған жоқ. Оңтүстік өңірлердегі су қоймалары көк мұздан толығымен арылып, тартылып қалған. Ал төрт өзен айтарлықтай мөлшерде тола қоймапты. Әзірге Қаратомар су қоймасының қоры былтырға қарағанда аз.   

Лариса Кузьмина, «Қазгидромет» РМК ҚФ директоры:

- Өзендердегі су аз, су қоймаларының қоры төмен. Ағын байқалмайды. Ресей су жіберетін болса, батыс жақтағы өзендер сәл де болса толады. Бірақ көршімізде де биыл қар аз болды. Сондықтан мол көлемде су түсімі болады деу қате.

Хабар 24 телеарнасы