378.56 423.83 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордада студенттерге арналған емхана пайдалануға берілді

  • 138
  • UPD: 23:41, 05.04.2019
Елордада студенттерге арналған емхана пайдалануға берілді

Медициналық мекеме қаладағы ірі жоғары оқу орнының жанынан ашылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жоба жастарға сапалы медициналық қызметтің қолжетімділігін арттыруға бағытталған.  Арнайы мамандандырылған емханада студенттердің дәрігерге тегін қаралып, ем қабылдауына мүмкіндік жасалып отыр. Мұнда 5 учаскеде қызметтің 10-нан астам түрі көрсетіледі.

Айта кету керек, биыл Нұр-Сұлтан қаласында мемлекеттік-жекеменшік әріптестік негізінде 11 отбасылық-дәрігерлік амбулатория салу жоспарда. Жаңа нысандар Есіл ауданы мен бас шаһардың шеткі аумақтарында бой көтереді.

Мадина Абай, студент:

- Қазір электронды қосымша арқылы тіркелуге болады. Бұл біз үшін өте қолайлы. Біздің сабағымыз бар. Басқа да жұмыстарымыз бар. Бұрын қалалық поликлинакаларға барып қаралатынбыз. Ол көп уақыт алады.

Ақылбек Күрішбаев, Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеттің ректоры:

- 13 жарым мың студентіміз бар. Магистрант, докторанттарымыз бар. Осының алдында олардың барлығы қаланың емханасына барып қызмет алатын. Әрине, бұл жастарға ыңғайсыз. Студенттер келіп жазылады. Смарт телефонмен де жазылуға болады. Тиісті уақытта өздері келіп қызметін алады.

Хабар 24 телеарнасы