389,75 435,25 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Солтүстікқазақстандық полицейлер «Жолда қабылдау» акциясын ұйымдастырды

  • 323
  • UPD: 08:26, 06.04.2019

Шараның тек алғашқы күнінде тұрғындар тарапынан тәртіп сақшыларына 100-ден астам сұрақ келіп түскен.

Оның басым бөлігі айыппұл төлеу, жүргізуші куәлігін онлайн рәсімдеуге қатысты болды.

Жүргізуші куәлігін ауыстыру үшін бұрыңғыдай кезекте тұрудың қажеті жоқ. Компьютердің тілін тапқан, интернетпен сәлемі түзу әр азамат бұл шаруаны бірнеше сағаттың ішінде атқарады. Тіпті қазір автомектепте оқымай-ақ емтихан тапсыруға болады. Алайда тәжірбие көрсетіп отырғандай, әрбір үшінші адам, сынақтан сүрінеді екен.

Алтынбек Жамалиев, облыстық ПД тіркеу-емтихан алу бөлімінің  мемлекеттік автоинспекторы:

– Биыл тәжірбиені өздері үйлерінде үйреніп, және халыққа қызмет көрсету орталығына келіп, емтихан тапсырған адамдардың 36-ы жүгінген болатын. Соның ішінде 10 адам тапсырып, қалғандары емтиханнан өте алмай қалды. Оларда қайтадан тапсыру мүмкіндігі болады.

Жергілікті бюджетті толтыруда камералардың да көмегі зор. Бүгінде Петропавлда осындай 54 бейнебақылау камерасы орнатылған. Мұнымен қоса «Ақылды қиылыстар» тағы бар.

Жалпы жыл басынан бері облыс орталығында жүргізушілер 1700-ден астам жол ережесін бұзған. Қазына 5 миллион 200 мың теңгеге толықты. Жолда қабылдау акциясы аясында азаматтардың басым бөлігі тәртіп сақшыларынан айыппұлдың соншалықты неге көп екені жайында сұрап білді.

Думан Таев, облыстық ПД бастығының орынбасары:

– Халықтың сұрақтары көбейіп жатыр. Ол – жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесі. Сондай-ақ автокөлікті тіркеу.

Акцияның тек алғашқы күнінде Петропавл қаласының полицейлеріне тұрғындардан 100-ден астам түрлі сұрақ түсті. 

Авторлары: Самат Қайырденұлы, Нұргүл Ахметова, Төлеген Иманов

Хабар 24 телеарнасы