377.33 425.55 5.92
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Талдықорған граффити қалашығына айналады

  • 113
Талдықорған граффити қалашығына айналады

Талдықорған болашақта граффити қалашығына айналады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Өйткені онда «Қазақстан – ұлы дала мекені» атты граффити-фест жобасы жүзеге аспақ. Айта кету керек, бірнеше жыл бұрын көпқабатты үйлердің қабырғасында Қазақ хандығының 550 жылдығы мен Айдын Айымбетовтың ғарышқа ұшуына байланысты және кәсіпқой боксшы Геннадий Головкиннің жеңістеріне арналған картиналар пайда болған еді. Бұл бастама Жастар жылында да жалғасын табады.

Ержан Дәулетбаев, жастарға қызмет көрсету орталығының маманы:

– Назарбаев даңғылы бойындағы көп қабатты үйлердің қабырғасына ұлы тұлғалардың, Алматы облысынан шыққан батырлардың, ақын-жазушыларымыздың бейнесін түсіреміз. Ең басты мақсат – өзіміздің облысымыздың тұрғындарын насихаттау, сонымен қатар жас және талантты суретшілерді тарту.

Хабар 24 телеарнасы