379.54 427.25 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтөбе халықаралық әуежайы коммуналдық меншіке беріледі

  • 92
Ақтөбе халықаралық әуежайы коммуналдық меншіке беріледі

Ақтөбе халықаралық әуежайы коммуналдық меншіке берілетін болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жергілікті билік келіссөз жүргізіп, құжаттарды рәсімдеуге дайын отыр. Облыс орталығындағы әуежай ұшақтардың бірнеше түрін және тікұшақтарды кедергісіз қабылдай алады. Батыс аймақтағы ең ірі әуе айлағы Орталық Азия мен Еуропа арасындағы бағыттардың қиылысу нүктесі іспетті. Мұнда 2004 жылдан бері жаңғырту жұмыстары жүріп жатыр. Халықаралық әуежайда 400-ден астам адам тұрақты еңбек етеді. Әкімдіктегілер жұмыс орындарының сақталатынын айтып отыр. Одан бөлек, әуежай қызметін жетілдіру және бағасы арзан бюджеттік рейстер қосу жұмыстары қолға алынады. 

Аязбай Османғалиев, облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы:

– Қазір шарт жасаймыз, ол үлкен жұмыс, бір ай ішінде жұмыс істейміз. Үкіметтің қаулысы шығады. Халықаралық әуежай болғасын ол тек жақын жер емес, шетелге де ұшуымыз керек.

Хабар 24 телеарнасы