379.86 423.80 5.90
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ҰҚК Қызылорда облыстық полиция департаментінің лауазымды қызметкерін ұстады

  • 190
  • UPD: 13:54, 06.04.2019
ҰҚК Қызылорда облыстық полиция департаментінің лауазымды қызметкерін ұстады knb.gov.kz

ҰҚК Қызылорда облысының Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Г. Тулебаев пен ПД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкері Б. Асқаровтың заңға қайшы әрекетінің жолын кесті.

Олар жеке кәсіпкерден букмекерлік клуб тексерісін тоқтатқаны үшін заңсыз ақшалай сыйақыны қорқытып алған. 2019 жылғы 5 сәуірде ҚР ІІМ Жеке қауіпсіздік департаментімен бірлесе жүргізілген іс-шаралар барысында Г. Тулебаев 300 мың теңге мөлшерінде ақшалай қаражат алу кезінде қылмыс үстінде ұсталды. Сонымен бір мезгілде Қарағанды қаласы жағдайында Б. Асқаров ұсталды.

Г. Тулебаев Қызылорда қ. ПБ уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Ақпарат көзі: knb.gov.kz

Хабар 24 телеарнасы