379.86 423.80 5.90
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматыдағы терактіде қаза тапқан лейтенант М.Рахматуллаевты жерлестері еске алды

  • 199
  • UPD: 17:39, 06.04.2019

Түркістандық тәртіп сақшылары 2016 жылы Алматыда болған террорлық әрекет кезінде қаза болған жерлестері, полиция лейтенанты Мейрамбек Рахматуллаевты еске алды.

Марқұмнің туған жері Қазығұрт ауданы Қарабастау ауылындағы мектептің алғашқы әскери дайындық кабинетіне оның есімі берілді. Жиналғандар алдымен мектептің ауласына ағаш екті. Ал облыстық Полиция департаменті оқушыларға компьютер сыйлады. Ерлікпен қаза тапқан полиция лейтенантының әкесі Нұрділла Рахматуллаев ұлын ұмытпай еске алып, құрмет көрсеткені үшін тәртіп сақшылары мен қонақтарға әкелік алғысын жеткізді.

Нұрділла Рахматуллаев, М.Рахматуллаевтің әкесі:

- Баламның атын өшірмей, осы іс-шараны, ізгі қадамды жасап отырғандары өсіп келе жатқан ұрпағымызға бір үлгі болады деп есептеймін. Өз атымнан және отбасымның атынан  ризашылығымды білдіремін.

Айдар Сайтбеков, Ақтөбе заң институтының бастығы:

- Мейрамбек бауырымыз 2012 жылдан бастап 2016 жылға дейін Ақтөбе заң институтында білім алды. Сол жерде өзін жақсы жағынан ғана көрсетті. 2016 жылы Алматы полиция департаментіне жұмысқа кіріп, сол жерде қызмет бабында қылмыскердің қолынан қаза тапты. Біздің ІІМ қызмет бабында қайтыс болған батырларымызды есте сақтау және оларды қолдау мәселесі дәстүрге айналған. Біз әрқашан өзіміздің батырларымызды ұмытпаймыз және олармен мақтанамыз.

Хабар 24 телеарнасы