389,65 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Эйр Астана» компаниясы Нұр-Сұлтан мен Алматыдан Делиге рейстерді тоқтатады

  • 511
  • UPD: 18:17, 06.04.2019
«Эйр Астана» компаниясы Нұр-Сұлтан мен Алматыдан Делиге рейстерді тоқтатады

«Пәкістан мен Үндістан арасындағы әуе кеңістігінің жабылуына байланысты «Эйр Астана» әуе компаниясы 11 және 30 сәуір аралығында Нұр-Сұлтан мен Алматыдан Делиге ұшатын рейстерді уақытша тоқтатуға мәжбүр.

ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитеті мен әуе тасымалдаушысы жағдайды мұқият бақылауда және әуе кеңістігі ашылғанда компания тұрақты рейстерді жалғастырады», - делінген ресми хабарламада. 2019 жылдың 11-30 сәуір аралығында Қазақстанға оралатын жолаушыларға компания билеттері интерлайн-серіктестер рейстеріне қайта брондалады. Немесе билеттерді сатып алған орында немесе компанияның брондау және ақпарат орталығы (сall.centre@airastana.com) немесе +7 (727) 2444477,+7 (717) 2584477 телефондары арқылы қайтара алады. 

Еске сала кетсек, осыдан 2 ай бұрын Пәкістан Республикасы әуе кеңістігінің бүкіл халықаралық әуе бағыттарына жабықтығына байланысты «Эйр Астана» әуе компаниясының Дели - Алматы бағытындағы 27 ақпанға жоспарланған рейсі кейінге қалдырылған болатын. ҚР СІМ Үндістан мен Пәкістан арасындағы әскери-саяси жағдайдың шиеленісуіне байланысты мәлімдеме жасады. Айта кетейік, Азаматтық авиация комитеті «Эйр Астана» әуе компаниясымен бірге Үндістанға әуе қатынасын тоқтатпас үшін барлық шараларды қарастырған болатын.

Хабар 24 телеарнасы